«Қолымның қисық жері»
Общество   15.05.2020   438
Қонақ бөлмеде ойнап жүрген кенжем қасыма жылап келді, құлап қалғанын айтып шағынды.
– Келе қойшы, еркем, қане, қай жеріңді ауырттың, – деп маңдайынан иіскеп, еркелетіп, уатып жатырмын. Мен еркелеткен сайын ол ботадай боздап, сәл қызара қалған шынтағын көрсетіп:
– Қолымның қисық жерін үстелдің қырына соғып ал-дым, – демесі бар ма.
– Не дейді мынау?!